Азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әрбір мемлекеттік қызметшінің халыққа қызмет етіп, абыройлы еңбегімен сенімді арттыру мақсатында, қоғамдағы өзекті мәселелердің тез арада шешілуіне барынша қолдау көрсету қажеттілігін атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, 2019 жылы 22 қарашада Махамбет ауданы, Махамбет ауылында «Халық заңгері» Республикалық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты - азаматтарға құқықтық көмек көрсету.

Акцияға аудан прокуроры Н.Ешманов, Махамбет аудандық сотының кеңсе бас маманы Э.Ниязова, Махамбет аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Закариев, Махамбет ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ә.Қонысов, аудандық Әділет басқармасының маманы Ж.Қабесова, Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Дүйсембаев,"Атамекен" ұлттық  кәсіпкерлер палатасы Махамбет филиалы, аудандық жұмыспен қамту орталығы, жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімдері өкілдерінің қатысуымен аудан тұрғындарына заң төңірегінде барлық сұрақтарға жауап берілді.

М.Тасмағанбетова,

заңгер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT