Жұқа мұздан абай болыңыз!

Мұздан өткенде абай болыңыз!

Ауа райының салқындап, әрі температура төмендеуіне байланысты күні бүгінде ауданда орналасқан үлкенді-кішілі су айдындарының бетін қалыңдығы 3-6 см болатындай мұз жамылғысы жауып жатқанын ескеріп, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Махамбет инспекциясы бөлімінің мамандары оның адам өміріне, денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін қаперлеріңізге береді. Мұз үстінде қысқы балық аулау, аң аулау, көлікпен жүру, өзен арқылы келесі аймаққа өту қауіпті төтенше жағдайларға алып келуі мүмкін.

Сіздің өміріңізге қауіп төнбеу үшін мұз үстінде жүру ережесін қатаң сақтаған абзал. Алдымен мұздың қаттылығына мән берген дұрыс. Қыс уақытында бір адамға мұздың қалындығы 4-5 см, 2 адамға 8 см, 5-7 адамға 14 см қауіпсіз болып саналады. Егер 0 градустан жоғары ауа температурасы үш күннен артық болса, онда мұздың беріктігі 25% -ға азаяды. Мұз үстіне аяқ баспас бұрын алдыңызға мұқият қарап шығыңыз. Мұздың қауіпті жерін түсіне байланысты анықтауға болады. Мәселен, қауіпті жердің түсі қараңғылау болып келеді.

Ал қауіпсіз мұз аймағының түсі көкшіл, көпіршіксіз болады. Осал мұздың түсі сүт түстес болып, аяқ баспай жатып, сына бастайды. Бұршақ немесе боран кезінде мұз үстімен жүрмеген абзал. Ережеге сәйкес қар астында мұз жұқа болады. Сонымен қатар жартастарда және өзен ирімдерінде мұз жұқа болып келеді.

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығының 23 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, аудан тұрғындарына, оның ішінде әуесқой балықшыларға Атырау облысының шегіндегі Жайық өзенінде мұз қатқан кезеңінде сейсенбі және сәрсенбі күндері балық аулауға шектеу қойылатынын ескертеді.

Т.Есмуханова,

Махамбет испекциясы бөлімінің ихтиолог маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521