Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 26-28 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды.

"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағына жылжып, жауын-шашын тудырып, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай көтерілуіне әкелді. Алдағы үш тәулікте циклон және фронтпен байланысты жоғарғы барикалық жыра әлсіреп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжыйды, ал тропосфералық ағындар (5 шақырымға жуық биіктікте) ендікке ауысуын бастайды", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа түсе бастайды, соның әсерінен республиканың бүкіл аймақтарында температураның жоғарылауын тудырып, кей жерлерде қар, тұман және көктайғақ күтіледі.

Дереккөз : tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT