Автокөлікке салғырт қарамаңыз!

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері аудан көлемінде жалпы саны 5 автокөлік өртке оранды. Автокөліктегі өрттің негізгі себептері көліктердің техникалық ақауынан және қозғалтқыш бөлігіндегі тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады. Сол себепті автокөлік жүргізушулеріне көліктегі тоқ сымдарына назар аудару маңызды екенін ескерген жөн.

 Көліктегі өртті болдырмауға және қауіптің орын алуын төмендетуге болады. Ол үшін, жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техикалық жай-күйіне бақылап отырулары қажет.

Ең алдымен әрбір автомобильде жарамды өрт сөндіргіш болуы керек. Өрт сөндіргіш қажет болған жағдайда оны барынша тез және қысқа мерзімде өрт ошағын сөндіруге кірісу үшін оңай қол жетімді жерде сақтаған дұрыс. Яғни, өрт сөндіргіш міндетті түрде сенімді және мықты көлікте бекітілуі тиіс. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағармай жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу т.б сайып келгенде көлік иесінің өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы көліктегі өрттердің пайда болуының басты себебіне айналады.

Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағармай мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жалын пайда болатыны белгілі. Соның нәтижесінде көлік санаулы 3-4 минуттың ішінде қарқынды жанып үлгереді. Жану белгілері -түтін, жалын немесе біртүрлі иістер байқалса, автомобильді дереу тоқтатып, электр тізбегін аккумулятордан ажыратыңыз.

Барлық жолаушылардың денсаулығына және өміріне зиян келтірмеу үшін жанып жатырған көліктен түсіріңіз. Кейін өрт сөндіру қызметінің 101, 112 нөмірлеріне қоңырау шалып,  өрт сөндіру құралын өрт ошағына бағыттап шашыңыз. Егер өрт сөндіру құралыңыз болмаса, басқа қолда бар немесе айналадағы құралдарды: құм, су, қар, брезент немесе жанғыш емес материалдарды пайдаланғаныңыз жөн.

Р.Жақсылықұлы,   

аудандық  Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,

азаматтық қорғау майоры         

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT