Бас жүлде – Бақсайда

Аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай өткізілген «Жайықтың бойы көк шалғын» атты аудандық өнер фестивалінің қорытынды гала концерті өтті. Концерттік бағдарламада  сазды әуендер шырқалып, көріністер көрсетіліп, мың бұралған бишілер өз өнерлерін жиналған көпшілікке тарту етті.

– Көп ауылдарда сценарий жазудан қателіктер көп кеткендігін айта кеткім келеді. Келесі жолы барлығы дәл қағаздағыдай болуына қадағалау қажет. Фестиваль мен концертті ажыра алмай қалғандар да жетерлік. Ақтоғай, Жалғансай, Сарайшық ауылдарының қойған көріністері жоғары бағаланды. Ансамбльден алғалықтар озып тұр. Кей ауылдардың ансамльдері домбырашылардың этюді болған күйлермен келіп, сахнаға шықты. Бұл деңгейі жоғары байқауда төмен бағаға ие болатынын айтпаса да түсінікті. Би жанры бойынша Сарайшық ауылының бишілері тамаша өнер көрсетті. Барлық ауылда өздерінің «фишкалары» болды және оны толықтай пайдалана алмағандар да бар. Биылғы фестивальге қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғысы білдіреміз,-деді фестивальді қорытындылаған қазылар алқасының мүшесі Б.Әбілдай.

Шара соңында өнер фестиваліне қатысушы барлық ауылдық округтер марапатталып, жүлделі сыйлықтарға ие болды. Өнер фестивалінің қорытындысымен Бас жүлдеге Бақсай ауылдық округінің өнерпаздары лайық деп танылып, 300 мың теңге ақшалай жүлдені қанжығаға байлады. Жалғансай ауылы бірінші орын (250 мың теңге), Ортақшыл ауылын екінші орынға (200 мың теңге) ие болды. Ақтоғай ауылы мен Алға ауылының өнерпаздары үшінші орынды өзара бөлісіп, 150 мың теңгелік сертифкаттың иегері атанды.

Сонымен қатар фестивальде ерекше өнерімен көзге түсіп, халықтың қошеметіне ие болған ауылдық округтерге арнайы жүлделер табысталды. Талдыкөл ауылының өнерпаздарына «Ғилымғали Адилов атындағы жүлде», Сарайшық ауылына «Үздік Маутекеева атындағы жүлде», Сарытоғай ауылына «Қайыржан Ихсанов атындағы жүлде», Есбол ауылына «Адамжан Тұрақов атындағы жүлде», Ақжайық ауылына «Қадыржан Қазымбекұлы атындағы жүлде» және Бейбарыс ауылына «Нариман Үлкенбаев атындағы арнайы жүлде» табыс етілді. Таңдайлық өнерпаздар махамбеттік тұрғындардың қалауымен «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды.

Сондай-ақ, өнер фестивалінің барлық қатысушылары  «Amanat» партиясы Махамбет аудандық филиалы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Қ.Айтқалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT