Ауылды өркендету – ауладан басталады

Зейнеткерлік жасқа жеткен соң қарап отырмайын деп аула шаруашылығымен айналыса бастадым.

Бұл жұмысты қолға алғаныма биыл 7 жыл толды. Мал мен құс асыраймын. Ауламның артындағы қоқысқа толып, бос жатқан жер бар еді. Сол жерді жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен қоқысынан арылтып, бау-бақша өсіруді қолға алдым. Шығымы жаман емес. Біздің ауданымыздың жері құнарлы. Жер-Ана жалқауланбай еңбек еткен адамға өзінің несібесін аямай береді. Мен де еңбекқорлығымның арқасында өзімнің, бала-шағамның несібесін жерден тауып отырмын. Өзіңнің аулаңда, ешқандай қоспасыз өскен таза өнімді жегенге не жетсін. Мал мен құс сойсаң ет, сатсаң ақша. «Мал өсір, өнімі оның көл-көсір» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Менің айтайын дегенім, аудан орталығында құрылыс материалдарынан қалған қоқыс алаңына айналып, бос жатқан жерлер баршылық.Бұған қоса мен секілді қолы бос, үйде отырған зейнеткерлер де жетерлік. Осы зейнеткерлер, басқа да ауыл тұрғындары осындай жерлерді игеріп, егін салып, еңбек етсе, қандай жақсы болар еді. Қимылдап, еңбек ету әрі денсаулықтарына пайдалы, әрі табиғи таза өнім алады. Ең бастысы әр тұрғын аула шаруашылығын қолға алса, әрбір үйдің шарбағында жайқалып тал-терек өсіп тұрса, ауданымыздың экологиялық жағдайы да жақсарған үстіне жақсара түсері сөзсіз. Сондықтан барша махамбеттіктерді аула шаруашылығын дамытуға шақырамын.

Сәлімжан ЖАЙЫҚОВ,

зейнеткер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521