Күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көптеген көкейтесті сауалдарға жауап алып, нақты мақсаттарды айқындап алдық.
Әсіресе, мемлекет басшысының «жерді шетелдіктерге сатпаймыз» деген шешімі халықтың еңсесін көтеріп, жігерлендіре түсті. Бірақ сол жерді тиімді игеру міндеті алдымызда тұрғанын да ашық айтты. «Дамыған агроөнеркәсіп кешені» деп аталатын бесінші бөліміндегі «ауыл шаруашылығы –біздің негізі ресурсымыз, бірақ оны әлеуеті толық пайдаланылмай отыр» деген пікірін толықтай қолдаймын және осы бағытта жұмыс жасауға ат салысатын боламын.
Қазір барлық әлемде ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, ел экономикасын тұрақтандыруға, ішкі нарықты қажетті өніммен қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып отыр. Соның бір айқын дәлелі, Атырау облысындағы жыл сайынғы алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 54п Махамбет ауданы құрап отыр.
Президент Жолдауында «2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 млн- ға-дейін ұлғайтуымыз керек, бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді» деп нақты тапсырма берді. Әлбетте, бұл көрсеткішті жалпы Қазақстан бойынша жүзеге асырамыз. Бір ғана Махамбет ауданының өзінде қазіргі таңда 3914 га суармалы жер егістік алқабы болса, оның 540 га-ы картоп,793 га көкөніс, 381 га бақша, 2200 мал азықтық дақылдар, 1430 га лимандық алқапты алып жатыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда егістік көлемі 140 га-ға ұлғайды. Аталмыш бөлімде бұрын-соңды баса наза аударылмаған «сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс»» деді.
Расында бүгінде Махамбет ауданының өзінде өнімдерін сыртқы нарыққа ұсына алатын ірі шаруа қожалықтары бар. Олар аз ғана уақыттың ішінде өз өнімдеріне халықтан мол сұраныс алып, өзіндік имиджі мен марка атауын қалыптастырып, тұтынушыларын тауып отыр. Ендігі міндет оларды республикаға, қала берді алыс-жақын шетелдерге таныту болып отыр. «Ауыл шаруашылығына шетелден инвесторлар тарту – маңызды міндет...» - деп келіссөздер жүргізуді Үкіметке тапсырған Мемлекет басшысының бұл ұсынысынан да үлкен үміт күтеміз. Өйткені , қазіргі таңда бұл салаға инвестицияны шаруалардың өзі құйып отыр.
Соңғы 7 айдың көрсеткішімен Махамбет ауданы бойынша ауыл шаруашылығына 52 млн 985мың теңге инвестиция құйылған екен. Жолдаудан кейінгі атқарылатын жұмыстан мемлекет те, халық та үлкен нәтиже күтетіні сөзсіз. Сондықтан «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп өзімізге жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындасақ, көздеген мақсаттарымыздың игілігін ел болып бірге көретінімізге сенемін.
О.МЫРЗАБАЕВ,
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Сурет:дереккөз