Аңшылық маусым басталды

Аңшылық ережелерге сәйкес елімізде аңшылық маусымы басталды.

Қараша айының аяғына дейін қаз, үйрек, шіл құстарын аулауға рұқсат берілсе, қазан айының 15-і жұлдызы мен ақпан айының 15-ші жұлдызына дейін қоян аулауға болады. Аңшыларға аң-құстарды облыстың кез келген жерінен аулауға рұқсат беріледі.

Қабанға арнайы аулайтын жері нақты белгіленуі тиіс. Алайда, арнайы қадағалауда жүретін киікті аулауға мүлдем тыйым салынады, сонымен қатар:

-түнде көру құралдарын, лазерлік нысана көрсеткіштерін, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;

-алкогольден немесе есірткіден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайында;

-жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды пайдалана отырып, аулауға;

-әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты (5,6) миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;

-тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады. Әуесқой (спорттық) аң аулаушы аңшыда мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) аңшы куәлігі;

2) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;

3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

4) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;

5) жыртқыш құстармен аң аулаған кезде аушы жыртқыш құстың паспорты «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заң мен Қазақстан аумағында аң аулау ережелерінің талаптарын орындамаған азаматтар еліміздің қылмыстық және әкімшіліктік заң бұзушылықтар туралы кодекстері бойынша жауапкершілікке тартылады.

Т.Есмуханова,

Атырау облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясының,

Махамбет инспекциясы бөлімінің маман инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT