Еңбек министрлігі ұсынып отырған тағы бір жағымды жаңалық- 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет.
Әлеуметтік пакетке мектепке дейінгі жастағы балалар үшін тамақ, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтерін қамтамасыз ету кіреді. Ал оқушыларға мемлекет есебінен мектепте тегін ыстық тамақ, тегін жол жүру, мектеп формасы мен оқу құралдарын беру көзделіп отыр. Осы өзгерістерге, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет үшін 2020 жылға республикалық бюджеттен 320 млрд теңге қарастырылыпты.
Егер тұрмысы төмен отбасы көпбалалы болса, табысына қарамастан ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысын ала береді. Көмектің бұл түрі тек тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға ғана көрсетіледі. Шынында да балалар тағамы, гигиеналық құралдар болсын бәрі де қажетті нәрселер.
Сонымен қатар мектеп жасындағы балалар үшін киім-кешек, оқу құралдарын алып берудің өзі неге тұрады?!
Отбасы үшін мұның өзі үлкен көмек. Мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамту да аса маңызды деп ойлаймын.
А. Төлешова,
«Шолпан» бөбекжайының меңгерушісі
Сурет:дереккөз