Төтенше жағдай кезеңінде төленетін 42500 теңге нақты кімдерге тиесілі?

Сұрақтарға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің мамандары жауап берді.

Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері;

карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері;

жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар;

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - БЖТ төлеуші /ЕСП/); нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар (бұдан әрі - АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың (бұдан әрі - коммерциялық емес ұйымдар) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлері.

Әлеуметтік төлем:

1) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бірде-бір ай өтілі жоқ адамдарға;

2) өтініш берген күніне дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бірде-бір ай өтілі жоқ адамдарға БЖТ төлеушілері;

3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бірде-бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға тағайындалмайды.

-Күні бүгін бөлімге қанша өтініш келіп түсті, оның ішінде 42500 теңге қанша адамға тағайындалды?

Күні бүгінге бөлімге 94 өтініш келіп түсіп, штаб отырысында қаралды. Аудандық штабтың қорытындысында төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған 31 адамның тізбесі айқындалып, Мемлекеттік корпорацияның бөлісшесіне жолданды.

- Көп балалы және декреттік демалыстағы аналар 42500 теңге ала ма?

-Жоғарыда айтылған санаттағы адамдар алады.

- Төлемді алудың жолдары қандай?

1) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

2) жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - БЖТ төлеуші), жеке практикамен айналысатын адамдар,азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті жұмыскердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы;

3) Enbek.kz. порталы арқылы;

4) жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - БЖТ төлеуші), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар үшін проактивті қызмет арқылы. Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтініш талап етілмейді. Өтінішке SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады.

5)Telegram-бот Біріншіден, өтініш беруші Telegram-ға кіріп, "EgovKzBot2.0" іздеп табу керек; Екіншіден, "Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу" қызметін таңдайды;

Үшіншіден, өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.

Төртінші қадам - өтініш "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);

Бесіншіден, Ақпарат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін "Е-Макет" ақпарат жүйесіне 1 күн ішінде түседі;

Алтыншы қадам - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;

Жетінші қадам - Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап келеді.

-Өтінішті қалай толтырамыз, қандай құжаттар керек?

Өтініштегі сұратылған мәліметтерді толтыру арқылы.

-Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу кімдерге міндетті? Оның көлемі барлығына бірдей белгіленген бе, оны қалай төлейміз?

-Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адам бірыңғай жиынтық төлемдер төлеу керек, көлемі ең төменгі есептік көрсеткіштің 0,5 мөлшері (1325,5 теңге)

- Егер БЖТ төлеп, алайда маған 42500 теңге тағайындалмаса, маған кері қайтарылады ма?

-Жоқ, қайтарылмайды.

- Балам 1 жастан асты. Жәрдемақы тоқтады. Жұмысқа шығайын десем карантин. Мен өтініш бере аламын ба?

-Жоқ, бере алмайды.

- Жұмысымды үйден онлаин режимінде атқарудамын. Маған 42500 теңге тиеді ме?

-Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (бұдан әрі - әлеуметтік төлем) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлеріне төленеді.

- Мен бала күтушімін. Күйеуім – таксист. Бірақ бізде «пенсионка» жоқ. Мұндай жағдайда не істейміз?

-Жолдасыңыз салық органдарына ресми тіркелген болып, төтенше жағдайға байланысты, еңбек ақысыз демалыста болса, өтініш бере алады.

- Ауысымдық жұмыстан тұрақты болмағандықтан наурыз айының 5-інде өз еркіммен шықтым. Қазіргі таңда жұмыссызбын. 42500 теңгеге өтініш беруге құқылымын ба? Жұмыспен қамту орталығыа «жұмыссыз » ретінде тіркелуге болады.

- Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсетіп отырсам 42 500 ала аламын ба?

-І-ІІ,ІІІ топ мүгедектеріне және он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға 5567 теңгеден есеп шоттарына аударылады.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT