Елімізде күз айынан бастап аңшылық маусымы ашылды.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 18.06.2020 жылғы №188-Ө бұйрығына сәйкес, Атырау облысы аумағында жабайы жануарлар 2020-2021 жылғы күзгі-қысқы аңшылық маусымының ашылғанын хабарлайды.
Аңшылық пайдаланушыларға бекітілген аңшылық алқаптарда 2020-2021 жылдардағы күзгі-қысқы аң аулау мерзімі келесідей:
- Шалшықшы (кулик) 2020 жылдың 1 шілдесінен -30 қарашаға дейін;
- Кептерге 2020 жылдың 20 тамызынан-30 қарашаға дейін;
- Жанат тектес итке, Түлкіге, ақкіске 2020 жылғы 1 қарашадан – 2021 жылғы 15 ақпанға дейін;
- Су тышқанына (ондатр) 2020 жылғы 1 қазанынан 2021 жылдың 15 ақпанына дейін;
- Суда жүзетін жабайы құстарға (үйрек, қаз, қасқалдақ) 2020 жылдың 7 қыркүйегінен бастап 30 қараша аралығы.
- Қоянға 2020 жылдың 15 қазанынан -2021 жылдың 15 ақпанына дейін;
- Жабайы шошқа (қабанға) 2020 жылдың 1 қыркүйегінен -31 желтоқсан аралығында аулауға болады.
Алайда, арнайы қадағалауда жүретін киікті аулауға мүлдем тыйым салынады.
Сонымен қатар:
-түнде көру құралдарын, лазерлік нысана көрсеткіштерін, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;
-алкогольден немесе есірткіден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайында;
-жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды пайдалана отырып, аулауға;
-әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты (5,6) миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;
-тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады. Әуесқой (спорттық) аң аулаушы аңшыда мынадай құжаттар:
1) аңшы куәлігі;
2) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;
3) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4) аңшылық атыс қаруын қолданып, аң аулаған кезде аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқсаты;
5) жыртқыш құстармен аң аулаған кезде аушы жыртқыш құстың паспорты болуы тиіс.
Атырау облысы аймағында аңшылық құру үшін алынатын жолдама мен арнайы рұқсат алуға аңшы куәлігіне жарнасы төленген жөнінде белгі міндетті түрде болуы шарт. Аңшылар жабайы аң құстарды жолдамада көрсетілген аң аулау мерзімінде және мөлшері бойынша аулауы тиіс. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заң мен Қазақстан аумағында аң аулау ережелерінің талаптарын орындамаған азаматтар еліміздің қылмыстық және әкімшіліктік заң бұзушылықтар туралы кодекстері бойынша жауапкершілікке тартылады.
А.Кабдугалиев,
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясының,
Махамбет инспекциясы бөлімінің басшысы
Сурет:дереккөз