Атырау облысында күрделі жол апаты орын алып, бес адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін таңертең Құлсары-Теңіз тас жолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 шақырым қашықтықта екі автокөлік соқтығысты. Ресейде есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың барлығы апат орнында қаза тапты.
Қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Лада 2131» маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары отырған. Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Орын алған жағдайдың мән-жайы мен себептері сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.