Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінде 1 наурыз – «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Қызметтегі жоғары жетістіктері және көрсеткіштерімен бағаланған қызметкерлердің ата-аналары арнайы қонақ ретінде шақырылып, ұжым атынан алғыс білдірілді.
Мақсат - еңбектің еленуі мен үздік қызметкерлердің жетістігін өзгелерге үлгі ету болатын. Шара шымылдығын ашқан Департамент басшысы Салауат Мүксімов аталмыш шара ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығының дәлелі деп, барша жиналған меймандарға алғысын білдіріп, ата-аналар мен Департаментпен арасында үнемі ынтымақтастық танытып жүрген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Жанат Нұртілеуоваға «Алғыс хат» табыстады.
Өз кезегінде Ж.Нұртілеуова Депараменттің бірнеше қызметкеріне алғыс хаттарын табыстады.
«Алғыс айту» күнінде арналған мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
К.САПАР