Атырауда жұмыртқаның шектеп сатылуына қатысты түсінік берілді

Өңірлік коммуникациялар қызметі Атырау облысында жұмыртқаға айлық қажеттілік 7,9 млн дананы құрайтынын жеткізді. Ал өңірде жұмыртқа өндіретін 2 ірі кәсіпорын бұл сұранысты толықтай жаба алмайтын болып шықты.

«Өңірде жұмыртқа өнімдерін өндіру бойынша 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар - "Алмалы құс" және "Бақай Құс" ЖШС. Екеуінің өндіріс қуаттылығы 1 айда 2 млн дананы құрайды. Демек, 2 кәсіпорын облыс қажеттілігінің тек 30%-ын қамтамасыз етеді. Өңірдің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыртқа өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылады», - дейді Атырау облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков.

Бірінші санаттағы жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретіні атап өтіледі.

«Бүгінгі таңда жұмыртқа өнімдері "айналым схемасы" арқылы 38 сауда саттық нүктесінде, құны 35,6 теңгеден Идеал-маркет арқылы сатылады. Алыпсатарлық әрекеттер мен жұмыртқа тапшылығының алдын алу мақсатында Идеал-маркетке бір қолға 10 жұмыртқадан аспайтын шектеу белгіленді. Басқа сауда орындарында мұндай шектеу жоқ», - Нұрбол Жаңабеков.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521