Атырауда сотталғандар ағылшын тілін үйреніп, бизнес курстарға қатысады

Конституция күні қарсаңында Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдер түзету мекемесімен Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес жазасын өтеп жатқан әйелдерге ағылшын тілі және бизнес-курстары өткізіліп тұрмақ. Сондай-ақ ресми шара аясында университет сотталған азаматшаларға қажетті тұрмыстық техникалар мен 350 кітап сыйға тартты.

sot-2300820

Мекемеге келген университет ректоры Гүлзада ШАКУЛИКОВАҒА Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы м.а. Манарбек ГАБДУЛЛИН түзету мекемесінің өндіріс цехын көрсетіп, жазасын өтеуші азаматтардың қолынан шығып жатқан киімдер мен тауарларды көрсетті.

- Біз жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамту арқылы – олардың тезірек түзелуіне жағдай жасаймыз. Өйткені адам еңбек етсе ғана белгілі бір жетістікке жетеді. Кейде осы жерден кәсіп үйреніп, бостандықта өздерінің жеке кәсіптерін дөңгелетіп отырған әйелдер де бар. Олармен үнемі байланыстамыз,- дейді Департамент бастығы м.а. Манарбек Габдуллин.

Ресми шара аясында мекемеге тұрмыстық техникалар, қысқа толқынды пештер мен киім үтіктейтін тақтайлар, электр шайнектер және университет ұжымы мен студенттері жинаған 350 кітап сыйға тартылды. Мекемеге табысталған кітаптардың ішінде психология, өзін-өзі жетілдіру, мотивация беру тақырыптарындағы кітаптармен бірге көркем әдебиет те бар.

sot-1300820

-Бұл кітаптар осындағы әр адамның рухани досына, ұстазына айналады деген сенімдеміз. Қайырымдылық тек қаржылай көмек көрсету ғана емес. Бар білгенімізбен, уақытымызбен бөлісу де жақсылықтың нышаны. Алға қарай да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Өйткені осында отырған әйелдерге көмектесу арқылы, біз олардың әлі де қоғамның мүшесі екенін жеткізгіміз келеді,-деп атап өтті С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада ШАКУЛИКОВА.

- Сондай-ақ болашақта осы мекеме цехтарынан шығатын киімдерге тапсырыс беріп, бірлесіп цех ашатын боламыз. Екі жақты меморандумға сәйкес, енді университетпен бірлесіп Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жазасын өтеуші азаматшаларға ағылшын тілін үйрену курстарын өткізіп, тұрақты түрде кәсіпкерлік негіздері бойынша тренинг, психологиялық семинарлар секілді шаралар тұрақты түрде өтпек. Сонымен-қатар, мекемеге арнайы экран қойылып, апта сайын сотталған азаматшаларға мотивациялық және өзге де тақырыптардағы бейнежазбалар көрсетілмек. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда УГ-157/11 мекемесінде 100-ден астам әйел жазаларын өтеп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT