Патриотизмнің озық үлгісін көрсетті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;… қазақстандық патриотизм» деп атап көрсетілген. Шынайы патриот әрдайым елге деген шынайы сүйіспеншілігін танытып, оның өткенін, бүгінгісін, келешегін зор мақтаныш тұтып, жан-жақты көркейіп, гүлденіп дамуына қажымас адал еңбегін арнайтын тұлға.

Патриотизм өз Отанын, халқын шексізсүюшілік, барша күш-жігерін ел мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Заңның қағидаттарының маңызын насихаттау азаматтардың ұлтжандылық сана-сезімін оятып, отаншылдық ұстанымдарын қалыптастырудағы рөлі аса зор болып табылады. Ата Заңымыздың құқықтық нормаларын терең білу, жете түсіну қоғам мүшелерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін көтеріп, оны қорғауға бағытталған азаматтық борыштарын арттырады.

Елімізде шынайы патриотизмді қалыптастыру және оның игілікті істерін жетілдірудің негізгі де түйінді қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясында толық қамтылған. Тек оларға жіті мән беріп, басшылыққа алып, талаптарын бұлтартпай орындау басты борыш. Әрбір қазақстандықтың бойында патриотизм сезімдерін қалыптастырып, оның деңгейін көтеру қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі жастардың бойында патриоттық сезімді оятуға бағытталған түрлі шаралар өткізілуде, оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушылардың туған жердің табиғаты үшін жұмыстанып жүргені қуантады. Сондай-ақ, елдегі қиын мезгілде ауруханаларда оттегі аппараты, өзге де қажетті жабдықтардың жетіспеушілігі кезінде қолдау білдіргендердің, дәрігерлерге демеу ретінде азық-түлікпен көмектескен жандары жомарт жандардың іс-әрекеттерін нағыз патриотизмге балауға болады. Ал осы қайырымдылық шараларының басы-қасынан табылған ауданның еріктілері мен жастар патриотизмнің озық үлгісін көрсете білді.

Т.ПАНГЕРЕЙ,

Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта

мектебінің тарих пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT