Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», - деген екен ежелгі ойшыл ғалым.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Қауіпсіздік жағынан да, экономикалық тұрғыдан да қоғамымызға қауіп төндірер, орасан зор кесел келтірер осынау келеңсіз, әлеуметтік құбылысқа қарсы шараларды қатаң қолға алатын мезгіл әлдеқашан жетті. Осы жерде, заңда тайға таңба басқандай етіп анық көрсетілгеніндей, мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өкілеттіктерін өзгеше пайдалану, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз беру арқылы оларды сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелетінін айта кеткім келеді.
Бұл бағытта 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы департаментімен «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жүзеге асырылып келеді.
Жобалық кеңсенің басты мақсаты - тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салаларында туындауы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың жолын кесу және болдырмау бағытында ішкі талдаулар мен қоғамдық бақылаулар жүргізуде. «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Махамбет аудандындағы өкілі ретінде 2020 жылдың маусым айында тағайындалған уақыттан бастап сыбайлас жемқорлық мәселелерін тиімді шешуге бағытталған адамдардың стандартталмаған тәсілдері, шығармашылығы, бастамасы негізінде қоғам мен билік орындары арасында тығыз қарым-қатынасты орната отырып, қордаланған өзекті мәселелер мен әлеуметтік тақырыптарды шешу ісіне араласып келеді. Жол мәселесі, денсаулық сақтау саласына және ойын алаңдарындағы келеңсіздіктер,жалпы аудандағы жұмыссыздық, жастардың жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде «Аудандық Жұмыспен қамту орталығы» мекемесіне, дәрі -дәрмектің жетіспеушілігі және т.б. мәселер бойынша қоғамдық бақылаулар жүргізілді. Аудан әкіміне қордаланған тақырыптар бойынша ұсыныстар берілді.
Заң бұзушылықтың ең өрескел түрі саналатын жемқорлықпен күрес мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Десек те еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті үздіксіз және үнемі жүргізуі тиіс.
Айбек СИРАШ,
аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер
жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі,
Атырау адалдық алаңы
Махамбет аудандық жобалық кеңсе өкілі