Мұнайлы өлкеде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, үш дүркін Әлем және Азия чемпионы Ризабек Айтмұқан атындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов және елімізді әлемге әйгілеп жүрген белгілі чемпиондар қатысты.
Өңірде еркін күреске ден қойған жасөспірімдер үшін үлкен мүмкіндік туды. Қалада бой көтерген заманауи кешеннің есігі бүгін ресми түрде айқара ашылды. Бұл – өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға, жаттығу алаңдарын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, танымал спортшылар, жас балуандар қатысты. Салтанатты жиында сөз алған КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәжіліс депутаты, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов кешеннің өңірлік спорт инфрақұрылымын нығайтудағы рөліне тоқталды.
— Еліміздің батысында Атырау облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Арман Тұғаевтың бастамасымен күрес академиясы ашылып отыр. Мұнайлы өлке тек “қара алтынымен” ғана емес, белгілі спортшыларымен де танымал. Ардагерлер бастаған жолды кейінгі ұрпақ жалғап келеді. Осындай спорт академиялары көп болса, еліміздің атын әлемге шығаратын спортшылар да көп болатыны рас. Балуандарымыз халықаралық аренада бақ пен бап сынап, жетістіктерге жете берсін, жеңіс тұғырынан көрінсін деген тілегім бар. Осындай бастамаға қолдау білдірген облыс басшылығына, өңірдегі спорт басқармасына ризашылығымызды білдіреміз, — деді Дәулет Болатұлы.
Кешен бір уақытта бірнеше топтың жаттығуын қабылдай алады. Мұнда кең әрі жарық зал, заманауи күрес кілемдері, күш даярлығына арналған арнайы аймақ және спортшылардың қалпына келуіне қажет бөлмелер қарастырылған. Инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай келетін орталық алдағы уақытта облыс құрама командасына дайын спортшылар тәрбиелеуді көздеп отыр.
Атырауда Ризабек Айтмұқан атында спорт кешені ашылды.

Оның айтуынша, бұл орталықта балалар мен жасөспірімдерге жүйелі түрде оқу-жаттығу өткізуге барлық жағдай жасалды
— Еліміздің батысында Атырау облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Арман Тұғаевтың бастамасымен күрес академиясы ашылып отыр. Мұнайлы өлке тек “қара алтынымен” ғана емес, белгілі спортшыларымен де танымал. Ардагерлер бастаған жолды кейінгі ұрпақ жалғап келеді. Осындай спорт академиялары көп болса, еліміздің атын әлемге шығаратын спортшылар да көп болатыны рас. Балуандарымыз халықаралық аренада бақ пен бап сынап, жетістіктерге жете берсін, жеңіс тұғырынан көрінсін деген тілегім бар. Осындай бастамаға қолдау білдірген облыс басшылығына, өңірдегі спорт басқармасына ризашылығымызды білдіреміз, — деді Дәулет Болатұлы.
Кешен бір уақытта бірнеше топтың жаттығуын қабылдай алады. Мұнда кең әрі жарық зал, заманауи күрес кілемдері, күш даярлығына арналған арнайы аймақ және спортшылардың қалпына келуіне қажет бөлмелер қарастырылған. Инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға сай келетін орталық алдағы уақытта облыс құрама командасына дайын спортшылар тәрбиелеуді көздеп отыр.
— Кешеніміз талай талантты спортшылардың жеңіске жетуіне септігін тигізеді деп сенемін. Өйткені, мұнда жас балуандардың күреске дайындалуына барлық жағдай бар. Өңірде спорт саласы дамып келеді. Оның өркендеуіне бизнес өкілдері де, федерация да бір кісідей жұмылып, қолдау білдіріп отыр, — дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Тұрарұлы.
Академияның ашылу салтанатына грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали, еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов, еркін күрестен әлем чемпионы және 3 дүркін тұңғыш қазақ әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан, грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, бірнеше дүркін әлем және Азия жүлдегері Дәулет Ниязбеков, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко, еркін күрестен Азия чемпионы, атыраулық спортшы Болат Сақаев, грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының директоры Димаш Сұлтан және тағы да басқа танымал чемпиондар мен спорт жанашырлары қатысты.
Спорт кешеніне ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атынан жаңа көлік табыс етілді. Ал Болат Сақаевқа Атырау облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы атынан жаңа пәтер тарту етілді.
Кешеннің ашылу салтанатындағы ерекше сәт жаттықтыру залында суреттері ілінген елімізге белгілі спортшылардың қолтаңба қойылуы болды. Біздің өңірден де осындай спортшылар шықсын деген ниетпен жасалған бастаманы чемпиондар да қолдап, шынайы лебіздерін білдірді. Ал айтулы шараға арнайы келген спортшыларға өңірлік федерация атынан бағалы сый-сияпат көрсетілді.
Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ