Атырауда әкелер мен ұлдар арасында тұңғыш рет жүгіру марафоны өтті

Атырау облыстық білім беру басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында жүзеге асып жатқан «Ұрпағыңмен мың жаса!» жобасы аясында ерекше форматтағы шара – әкелер мен ұлдар арасындағы жүгіру марафоны алғаш рет ұйымдастырылды.

Отбасы құндылығын нығайту мен ұрпақ тәрбиесінің маңызын насихаттауға бағытталған марафонға облыс аумағындағы мектептерден – 250 әке және осынша ұл қатысты. Жасы 11-ден асқан оқушылар әкелерімен бірге бәсекеге түсіп, отбасылық серіктестіктің жаңа үлгісін көрсетіп отыр.

Жарыс №38 орта мектеп алаңынан басталып, қатысушылар 5 және 3 шақырымдық қашықтықтарды бағындырды.
Шараның жүлде қоры — 600 мың теңге.

e5020d92 0c0f 4c23 8ec4 7e78153af0ae

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама балалардың да, ата-аналардың да спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, отбасыаралық байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Марафонда көзге түскен қатысушылардың бірі – 2017 жылдан бері түрлі қашықтық бойынша марафондарға тұрақты қатысып, талай мәрте жүлде иеленіп жүрген Болат Мұқашев. Бұл жолы ол 150 нөмірімен жүгіріп, мәреге екінші болып келді. Болат Мұқашев 21 шақырымдық толық марафондарда да бағындырған белестерімен танымал.

1efd8b1d 3ff5 4be0 a77b 83dee898535f

Ең қуаныштысы – биыл оның ұлы Жұмабай Ибрагим алғаш рет жарысқа қатысып, бірден үздік ондықтың қатарынан көрінді. Әкесі енді Ибрагимді кәсіби деңгейде марафондарға баулуды жоспарлап отыр.

10f8125f 7c4f 4019 af82 0de7d510ebb6

Жарыстың үшінші орны №105 нөмірлі Рысбек Төралиевке бұйырды. Оның ұлы да жақсы нәтиже көрсетіп, мәреге 11-ші болып келді.

d708c5b9 605c 407e 8bee 8b34ba738b0c

Ұлдар арасындағы бәсеке де тартысты өтті.
Екінші орынды – Әлім Көшқалиев,
үшінші орынды Асылжан Салық иеленді.

2d51ff79 d288 4921 a08c 5592191475b8

-Марафонға ұлыммен бірге қатысып отырмын. Бұл сайыс ең алдымен денсаулығымыз үшін маңызды. Осындай жарыстар отбасы құндылығын арттыруға оң септігін тигізері сөзсіз, — дейді марафон қатысушысы Е.Құдайберген.

5adab97c e397 4358 abc3 5272f63589db

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT