25 қараша және 10 желтоқсан аралығында бүкіл республика бойынша «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» жаһандық науқаны өтуде.
Науқанның басты мақсаты 16 күн ішінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Науқанның негізгі ұраны - «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»
Науқан шеңберінде осы күндерде облыстың барлық қалалары мен аудандарында іс-шаралар кешені өткізу жоспарланды. Науқан Павлодар қаласының «Batyr mall» ойын-сауық – сауда орталығында бастама алады. Отбасы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, әйелдер жағдайы мәселелері бойынша консультацияларды өткізу мақсатында 1 желтоқсан күні Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтеді. Сонымен қоса, қалың жұртшылықты, жастарды, қоғамдық белсенділерді тарта отырып, бірқатар жиындар, семинарлар, тренингтер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары және тағы басқа ауқымды іс-шаралар өткізілетін болады.
Осы шараларға ат салысып, белсенді қатысуға облысымыздың барлық тұрғындарын шақырамыз!


