Жастарға жүктелген сенім жоғары

Мен Махамбет аудандық мәслихатының депутаттығына нөмірі бірінші сайлау округі бойынша үміткер ретінде тіркеліп, саяси науқанда өз бағымды сынадым.

Сайлауда үлкен жауапкершілікті сезіндім. "Депутат болып сайланған жағдайда халық алдында берген уәделерімді орындай аламын ба?" деген сауал ең алдымен көкейіме келді.

Бүгінгі күн - талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері жететін адамдардың уақыты. Мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отырса, одан артық қандай бақыт бар?! Менің сайлауалды бағдарламам жастар саясатын дамытуға бағытталды. Әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмысқа орналасуына жағдай жасау, қоғамдық жұмыстарға тарту сынды көптеген жоспарларым болды.

Өз таңдауын жасап, елдегі өзгерістер үшін дауыс берген махамбеттіктермен қатар мен де сайлауға бардым. Сайлау учаскеме келушілердің қатары қалың болды. Мұндай көрініс халықтың сайлау үдерісіне көзқарасының өзгергенін байқатады. Себебі биылғы сайлау аралас жүйеде өтті. Сонымен қатар еліміздің әрбір мемлекетшіл азаматына, қоғам белсендісіне бір мандаттық округтерден сайлауға түсу мүмкіндігі берілді.

Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда халықтың мүддесін кім қорғайтынын әр азамат өзі дауыс беру арқылы анықтай алды. Бұл сайлау біздің қоғам үшін жаңа өзгерістер мен жаңа реформалар әкелетін тарихи сайлау ретінде ел тарихында қалмақ.

Ақжол ҚОНЫСБАЕВ,

Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз