Тележүргізуші М.Толықбай: Коронавирустың көкесі енді басталды

Бұл туралы тележүргізуші желідегі парақшасында айтты.

Мақсат Толықбайдың айтуынша, қазір жағдай ушығып тұр. Ауруханада науқастарды жатқызатын орын жоқ. Әркім өз үйіне емделуге мәжбүр.

"Қайырлы кеш, достар! Бұған дейін қалай болғанын білмеймін. Қазір жағдай ушығып тұр. Коронавирустың көкесі енді басталды. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Түркістан қалаларында науқастар күрк-күрк жөтеліп, дене қызуы көтеріліп ауруханалардың дәлізінде жатыр. Бұдан былай бұйрық шықты. Егер аурудың белгісі жоқ болса, сынама оң нәтиже бергенімен де науқастар үйде емделеді. Себебі ауруханада орын жоқ. Жалынсаңыз да, ешкім сізді ауруханаға алмайды. Себебі орын жоқ. Сондықтан сақтаныңыз. Жақындарыңызға жанашыр болыңыз", - деді ол.

Тележүргізушінің сөзіне сенгендер де, сенімсіздік танытқандар да бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT