Санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін, «Дина» базары толықтай жабылуы мүмкін, деп хабарлайды ATPress.kz
Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, базар әкімшілігі Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұсқауына сәйкес іс-шаралардың бір бөлігін орындамаған. Нұсқама ең алдымен сауда нысанының қызметкерлері мен тұтынушылардың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, Атырау қалалық әкімдігі, Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау филиалы, қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі қызметкерлерінен құралған мобильдік топ, «Дина» базарына тексеріс жүргізді. Мониторинг кезінде базардың сегіз сауда блогында желдету жүйесінің болмауы және кейбір санитарлық талаптардың орындалмайтындығы анықталған.
- Қалалық әкімдік тарапынан, базар әкімшілігіне бұдан бұрын да талаптардың орындалысы бойынша ескертулер жасалған. Мониторинг қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады. Сонымен бірге, базардың кейбір бөліктері жабылады. Егер санитарлық нұсқаулық ережелері одан кейін де бұзылса, «Дина» базарының жұмысы толықтай тоқтатылады, – дейді мобильді топ өкілдері.
Сурет: дереккөз