Нақты қадамдар жасайтын уақыт келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Онда Президентіміз бірқатар мәселелерге тоқталды. Соның ішінде қазіргі елдегі ахуалға байланысты да әңгіме қозғай кетті. Мәселен, Президент тапсырамасына сәйкес енді медицина мамандарының тапшылығын жою бойынша жұмыстар атқарылмақ. Президент осы індеттің таралуы кезінде дәрігер-эпедемиолог секілді мамандардың тапшылығы байқалғанын айта келе, Үкіметке алдағы 10 жылға медицина мекемелерін кадрлармен жасақтау туралы жоспар жасау керектігін тапсырды.

Расында да соңғы 6 айда елімізде медицина мамандарының тапшылығы анық сезілді. Елдегі жағдай тұрақталғанымен қайта өршіп кету қаупі бар. Сондықтан да кадр жетіспеушілігі мәселесін дер кезінде шешкен дұрыс. Президенттің алаңдаушылық білдіріп отырғаны да сондықтан. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесін қайта қарау қажет. Жедел жәрдем саласының жұмысын жандандыруды уақыттың өзі талап етіп отыр. Әсіресе, шалғай ауылдардағы тұрғындардың медициналық көмекті дер кезінде алуын қамтамасыз ету керек. Бұл тұрғыда Президент жедел жәрдем көліктерін, медицианылқ құрал-жабдықтарды жаңартуды тапсырды.

Жолдауда Президент мемлекеттік қызметшілердің санын емес, сапасын арттыру, олардың санын біртіндеп қысқартып, үнемделген қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсау керектігін атап өткен. Оның ішінде 2021 жылға қарай факторлық-балдық шкала негізінде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшуді ескере отырып, мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту,олардың кәсіби деңгейін көтеру, сондай-ақ халықпен кері байланысын нығайту маңызды екендігін айтты.

Сот және құқық қорғау жүйесі бойынша елімізде жыныстық, зорлық-зомбылық, педофилия,есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты, тұрмыстық зорлық-зомбылық азаймай отырғандығына байланысты, жауапукершілікті күшейту мәселесі, яғни халықтың өз мәселесін шешуде ортақ мемлекеттік органға деген сенімі артса, екінші жағынан жергілікті деңгейдегі кейбір органдардың жауапкершілігі төмен екендігіне тоқталды.

Мемлекет басшысының Жолдауында жаңа қалыптасқан жағдайда дағдарыстан шығу жолдары, халықтың әл-ауқатын нығайту, жеке кәсіпкерлік пен ауылшаруашылығын дамыту, білім беру мен жұмыспен қамту, цифрлық мүмкіндіктерді әр салада пайдалану, Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына дайындық жұмыстары да баяндалды. Соның ішінде ең өзектісі – елдегі білім беру мәселесінің жай-күйі. «Қолжетімді әрі сапалы білім коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ғибрат МЫРЗАҒАЛИ,

Жалғансай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT