Аудан тұрғындары мен қонақтарының назарына!
«Казгидромет» орталығының болжамы бойынша, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 2020 жылғы 25 қарашаға арналған ауа-райы құбылыстарына қатысты дабылды ескерту түсіп отыр. Атап айтқанда облыс көлемінде мол қар түсуі болжанып, тұман, көктайғақ болатыны күтілуде. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті басқармасының дағдарыс жағдайындағы жедел кезекшісі Б.Саденнің хабарлауынша, тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу іс-шаралары жүргізіліп, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілуін,төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдар дайындыққа келтіріліп, басшылық құрамының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылуын, ал күрделенген жағдай қаупі төнгенде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефон арқылы хабарласуын сұрайды.
Байланыс нөмірі: 45-00-00 (факс), 32-45-67, «112».
«Жайық-Ақпарат»
Сурет:дереккөз