«Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне жаңа директор тағайындалды

Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің жаңа директоры болып Әлібек Татанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау-Ақпарат» ұжымына жаңа директорды облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев таныстырды.

Әлібек Жартайұлы еңбек жолын 1978 жылы Ақтөбе облысының Талдық ауылында механизатор болып бастаған. 1983-1985 жылдары Совет әскері қызметінде болып, «Кеңес әскері» газетінің Орталық әскер тобы бойынша Чехословакиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.

1986-1990 жылдары Ақтөбе облыстық телеарнасының аға редакторы, СССР Орталық телевидениесінің телевизиялық материалдарды дайындау бойынша аймақтық өкілі. 1990-1995 жылдары Ақтөбе облыстық СМК комитетінің төрағасы, «Казкоммерцбанк» АФ кеңесінің төрағасы, «Ұрпақ үні – Вестник молодежи» облыстық жастар газетінің редакция алқасы төрағасы болған. 1986-1991 жылдары халық депутаттары кеңесінің Ақтөбе облысы бойынша Атқару комитетінің телеарна және радиохабарларын тарату қызметінің редакторы. 1991-1996 жылдары Қазақстан Жастар Бірлестігі Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы, «Бірлік» жастар концернінің президенті. 1996-1997 жылдары Қазақстан Жастар Бірлестігі Орталық комитетінің бірінші хатшысының орынбасары, 1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Жастар ұйымдары ұлттық кеңесінің хатшысы, 2001-2002 жылдары «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің төрағасы, 2003-2006 жылдары «Элитстрой» ЖШС Атырау филиалының директоры қызметтерін атқарған.

2006-2008 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының, 2008-2009 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, Астана қаласындағы «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Астана филиалының жетекшісі болды. 2010-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қызметін атқарды. 2013-2017жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының, 2017 жылдың 29 наурызынан «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT