Адам ұрып, 7 тәулікке қамалды

7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Атырау облысының Махамбет аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы 3 наурызында құқықбұзушы Р. Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жеңіске 50 жыл көшесінде орналасқан Махамбет аудандық полиция бөлімінің уақытша оқшаулау камерасында бірге болған азамат Н-ны ұрып, тән ауруына ұшыратқан.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен (тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында жәбірленуші Н. оған заң талаптарына сай шара қолдануды сұраған. Р. кінәсін толық мойындап, ондай іс-әрекетті енді қайталамайтыны және жасаған әрекетіне өкінетінін айтып көрсеткен.

Сот қаулысымен Р. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 73-2-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәлі деп танып, оған 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT