Атырауда Жайықта жаппай балық улануына қатысы бар күдіктілердің үстінен сот процесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сотқа дейін тергеу жүргізген ІІМ Тергеу бригадасының нұсқасы бойынша, «Атырау су арнасы» ҚМК Жайық өзеніне құрамында хлоры көп суды өзенге жіберіп, балықтар қырылған. Сотталушылар арасында кәсіпорынның бұрынғы директоры, оның орынбасары мен су тазалау стансасының басшысы бар. Олардың барлығы ҚР ҚК 328-бабы 3-бөлігі («Қоршаған ортаға аса ірі залал келтіруге не адам өлiмiне не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан іс-әрекеттер») және 2014-бабы 2-бөлігі («Отпен немесе қаупі жоғары өзге де көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген дәл сол іс-әрекет») бойынша айыпталып жатыр.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚР ҚК 371-бабы («Салғырттық») бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Еске салайық, Жайық өзенінде былтыр желтоқсанда балықтар жаппай қырылып қалды. Барлығы 120 тонна балық, соның ішінде 101 тоннасы бекіре тұқымдастар болған.
Автор: А.Соколов
Сурет: Дереккөзден