«Ақтөбе Camp-2020» семинар-тренинг өтті

Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен Атыраулық үкіметтік емес ұйым өкілдеріне арналған «Ақтөбе Camp-2020» күзгі лагерінде 2 күндік семинар-тренинг өтті.

Мақсаты - ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас, ұйымның стратегиялық дамуын дұрыс жоспарлауды жүзеге асыру және ҮЕҰ-дың әлеуметтік желідегі жеке брендін қалыптастыру. Бұл шараға қатысу үшін атыраулық үкімет емес ұйым өкілдері Азаматтық орталықтың сайтына өтінім қалдырды. 53 ҮЕҰ өтініш тапсырып, конкурс ережесіне сәйкес комиссиялық іріктеуден өткен 40 үкіметтік емес ұйым өкілі осы шараға қатысты.

aq-221020

Азаматтық орталық директоры Айгерім Доскалиева:

"Лагерьге құрылғанына 3 жылдан аспаған ұйымдар қатысты. Өтінім беру үшін сайтқа 12 сұрақтан құралған арнайы сауалнаманы жарияладық. Онда күзгі лагерьге қатысу мақсаты, қоғамның әлеуметтік жағдайын жақсартуда қандай жоба ұсынады, өзінің қандай үздік жобасы бар деген сынды сұрақтар болды. Талаптарды толық орындаған 40 ұйым өкілі күзгі лагерьге жолдама алды. Келген сауалнамаларға біздің әріптестер және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшылығы іріктеу жасап, бағалау жүргізді".

Күзгі лагерьде спикерлер «Тренинг және ұйымдық психология» орталығының басшысы, бизнес-тренер Ерлан Мустафин мен IT эксперті, жаңа медиа маманы Тимур Бектұр қатысушыларға ұйым мен қоғамдағы өзгерістерге дұрыс шешім қабылдауға және адамдармен қарым-қатынас, үрдістерді тиімді басқару іспетті маңызды дағдыларды, сондай-ақ әлеуметтік желі парадигмасы туралы түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Нұрлыгүл Рамазанова, «BastaUp» қоғамдық қорының жетекшісі:

"Қазақта “Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз” деген сөз рас. Әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануды, ұйымдағы көшбасшылыққа қатысты және тағы басқа ойымдағы көптеген сұраққа жауап алдым. Көңілді атмосфера, жайлы ортада білімімізді арттырған керемет шара болды".

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT