Парламенттік оппозицияға да жеңілдік жасалған

Президент Қ.Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады. Мемлекет басшысы алдағы сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда өтетінін, барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуға сайлауалды платформасын әзірлеуіне уақыт жеткілікті болатынын ескертті.

Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлау заңдылығын, ашықтығын, әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отыратынын да айтты. Сондай-ақ ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға, ҚР парламентінің комитеттері мен комиссияларытуралы заңға түзету енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланатыны да айтылды. ҚР Сайлау туралы конституциялық заңда, «саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибеде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілгені де құптарлық жайт.

Алда өтетін мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтетіні белгілі болды. Бұл туралы үндеуде: «пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады. Бұл жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді» делінген.

Иә, бұл сайлау заңды түрде жоспарланған уақытта өткізілгелі тұр. Президент үндеуінде парламенттік оппозицияға да жеңілдік жасалғанын білдік. Билікті сынайтын, оған жөн үйрететін,кемшіліктерін байқап, айта алатын орган пайда болды деуге толық негіз бар. Парламенттік оппозицияға беріліп отырған мүмкіндіктер елдің демократиялық бағытта дамып келе жатқанын білдіреді. Мемлекет басшысының үндеуі түсінген жандарға көп нәрсені өзгертеді деп ойлаймын.

Ф.ТЮРИНА,

аудандық мәслихат депутаты,

Есбол орта мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT