Көмекті әлі де жетілдіре түссе

Келер жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақы төленетіндігі аналарды қуантып тастады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК-ті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасы әзірлеген екен.

Министрдің айтуынша, АӘК өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға ғана тағайындалуы тиіс. Әлеуметтік көмектің тоқсан сайын тағайындалуын қайтару, шартты және шартсыз көмекті 3 айға тағайындау бұл бір жағынан көмек алушының өз табысын жасыру жағдайын барынша төмендететін болады. Мұның себебі, отбасының жан басына шаққандағы табысы келесі тоқсанда көбіне азаю жағына өзгеріп отырады. АӘК-ті тоқсан сайын есептегенде тағайындалған мөлшері ұлғаюы мүмкін.

Барлық отбасы мүшелеріне АӘК орташа табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленеді. Егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынған, жұмыстан бас тартса, ол және оның отбасының барлық мүшесі АӘК алу құқығынан айырылатын болып шықты. Менше, атаулы әлеуметтік көмек жақсы ойластырылған. Алайда оны әлі де жетілдіре түссе, нұр үстіне нұр болар еді. Бұл көмек балаға деп арналғасын тек соны балаға беру керек қой. Ал бізде отбасылық табысын, тағы басқаларды есептеп, әбігерге салып жатады.

Бала деп аталғасын тек балаға берілуі керек деп ойлаймын. Егер аналар баласына берілетін ақшаның нақты түсетініне сенімді болса, әр есікті бір қағып жүрмес еді.

Қ.Маханова,

көпбалалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT