Азаматтар барлық жерде әділдік орнағанын қалайды

Азаматтар мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді.

Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде халықты ең алдымен, не мазалайды? Ең бірінші, азаматтар барлық жерде әділдік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді. Халықты толғандырып отырған басты мәселе - табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті.

Миллионнан астам азаматтарымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтарымыздың арасындағы алшақтық - біздің қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар, дегенмен, тоқмейілсіп отыра беруге болмайды!», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзіне қарағанда, дәл осы өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселені шешуде орта мерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет.

Сурет:Дереккөзі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521