Ұлттық экономика министрлігі басшысының пікірінше, акцизді көтеру Қазақстандағы инфляцияға айтарлықтай әсер етпейді.
Бензиннің бір литрінің акцизі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 теңгеге көтеріледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
"Акциздердің өсуіне қатысты айтар болсақ, бүгінгі күні қаулы жобасы әзірленіп жатыр, бір литрдің акциз құнына қосымша 10 теңге қосылады деп жоспарлануда", - деді министр Руслан Дәленов дүйсенбіде сенат отырысында.
Ол бағаның аздап өсетінін айтты. Есептеулер жағдайдың инфляцияға немесе шағын және орта бизнес өндірісінің өзіндік құнына айтарлықтай әсер етпейтіндігін көрсетуде, деп атап өтті Дәленов.
"Бүгінгі күні акциздің ең көп үлесі мұнай өңдейтін және сататын компаниялардың шығындары мен пайдасынан тұрады", - деп толықтырды ол.
Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі жаңашылдықты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Дереккөз: Sputniknews.kz