Алға ауылындағы №229 сайлау учаскесінде 1186 адам тіркелген. Сағат 10.00-ге дейін 311 адам дауыс берді.
Солардың арасында егіз апалы-сіңлілер Ғалия мен Әлия Нұрғалиевалар да келді. Ғалия Нұрғалиева Алға орта мектебінің бастауыш сыныптар пәні мұғалімі. Ал, Әлия ауылдағы «Қарлығаш» бөбекжай бақшасының басшысы.
-Ауылдастарымыз ала таңнан сайлау учаскесіне қарай ағылуда. Бұл алғалықтардың бүгінгі саяси науқанның маңыздылығын бір кісідей түсініп, ауызбіршілік танытқанының белгісі деп білеміз. Ең бастысы еліміз тыныш, жұртымыз аман, нанымыз көп болсын, - дейді егіздер.