№217 сайлау учаскесінің тіркелушісі Айгүл Табылдиева 500-ші сайлаушы.
О.Шонаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Айгүл Табылдиева өзі тіркелген сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады.
- Президент сайлауы еліміздегі ең басты саяси оқиға. Ел болашағының іргетасын қалайтын, жас ұрпақты біліммен сусындатып, бала бойына терең тәрбиені сіңіретін ұстаздар қауымы да келіп таңдауларын жасап жатыр. Мен де бүгін таңдауымды жасап, өзім сенім артқан үміткерге дауысымды бердім – дейді 500-ші сайлаушы.