Бақсай ауылдық округінде орналасқан №222 сайлау учаскесінде де белсенділік байқалады.
Таңдай ауылындағы "Райхан гүлі" бөбекжайының ұжымы саяси науқанда ауызбіршілік танытып ұжым болып дауыс берді.
- Сайлау – мемлекет бағыты мен болашағын анықтайтын жауапкершілігі күшті кезең. Оған атсалысу әрбір қазақстандықтың парасатты борышы деп есептейміз. Қоғамның дамуы мен өркениетке қарай ойысуына сайлаудың маңыздылығы зор. Сондықтан біздің ұжым мемлекет алдындағы жауапкершілікті жете түсініп, бәрі бір мезгілде дауыстарын берді,- дейді бөбекжай басшысы.