Халықты толғандырған мәселе бақылауда болады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов азаматтарды онлайн-форматта қабылдады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Қоғамдық қабылдауға қатысушылар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мен тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту, медициналық көмек мәселесі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікке қатысты сауалдар қойды.

Облыс әкімі қойылған сұрақтар мен ұсыныстарды зерделеп, оларға толық жауап беруді қала мен аудан әкімдеріне және тиісті басқармаларға жүктеп, тапсырмалар берді. Сондай-ақ, мәселелердің шешілуін жіті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

- Біздің басты мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Кез келген тұрғынның мәселесі біз үшін маңызды. Сондақтан халықты толғандыратын барлық мәселелер бақылауымызда, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT