Сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екені анық.
Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою мақсатында заңнамалық актілер қабылданды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтердің алынуын жеңілдету үшін электронды үкімет пен электронды сандық қолтаңба енгізілді. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі.
Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Осы стратегияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені жұртшылықтың қатысуымен жүргізілуі қажеттігі айтылған.
Бейбарыс ауылдық округі әкімі аппаратында стратегияны іске асыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Жоспар аясында белгіленген сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, оның алдын алу жұмыстары атқарылуда. Ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі, сондай-ақ азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефоны орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінде көзделген шектеулер бойынша қызметтік тәртіпті бұлжытпай орындау, киім киюдің іскерлік стилі, телефонмен сөйлесу әдебі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Округ әкімі аппаратының барлық қызметкерлері мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласуына жол бермеу туралы ескертілді. Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің кіріс туралы декларацияларды уақтылы тапсыру мәселесі тұрақты бақылауда. "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" ҚР Заңына және ҚР қолданыстағы заңнамасымен регламенттелген мерзімдер бойынша жүзеге асырылады. 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы талаптарына ( 2019 ж. 25.1. өзгертулер мен толықтырулармен) сай округте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны -14. Округ тұрғындарының көпшілігі ЭЦҚ қамтылған, әсіресе 106 мүмкіндігі шектеулі жандарда түгел қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне қажетті құралдар мен санаторияға жолдаманы онлайн түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі, ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып, қарсы тұруымыз қажет.
С.Утегалиева,
Бейбарыс ауылдық округінің бас маманы
Сурет:дереккөз