Аймақта белсенді аналар дәрігерлер мен полицейлерге 6,5 миллион теңге аударды(ВИДЕО)

"Акцияға бастамашы болған қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Рашиля Мұрсәлиева «MEIRIM SHUAGY» акциясы аясында қаржыдан бөлек, «Өнерпаз» ЖШС басшылығымен 1000 маска тігіліп, тегін таратылғанын айтты" деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Небары он күннің ішінде 6 миллион 500 мың теңге көлемінде қаржы жиналды. Қаржыны алдыңғы шепте жанкешті еңбек етіп жүрген 100 медицина, 30 полиция қызметкеріне, барлығы 130 адамға 50 мың теңгеден бөліп аудардық. Себебі, карантин жағдайында еңбек етіп жүрген мамандарымыздың отбасылары, балалары бар. Осындай қиын жағдайда 130 адамға ақшалай ғана көмек көрсетілген жоқ. Бұл жерде аналарымыздың ақ батасы да бар" дейді ізгі істің бастауында жүрген қоғам қайраткері Рашиля Мұрсалиева.

Ізгілік акциясына Атырау облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, қоғам белсенділері, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, Исатай, Индер, Махамбет, Қызылқоға ауданының белсенді әйелдері атсалысты.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің бастамасымен демеушілік қолдау арқылы, алдыңғы шепте жүрген 634 медициналық қызметкерге 50 мың теңгеден ынталандыру ақы берілген болатын.

Жалпы, Атырау облысы бойынша медицина мамандарына үстемеақы төлеу үшін 288,7 миллион теңге бөлінді.

Сурет:дереккөз

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.
Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

 

ZERO.kz

Яндекс.Метрика