Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен талап қоюшы Г-ның жауапкер Е-ге неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды деп хабарлайды Махамбет аудандық баспасөз қызметі.
Іс- құжаттарында, тараптардың арасында неке 2010 жылғы 7 маусымда қиылған. Араларында ортақ кәмелетке толмаған бір баласы бар. Талап қоюшы неке бұзуға себеп ретінде жауапкермен бірге тұра және отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын көрсетіп, неке бұзу сұраған.
Сот кеңсесіне азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыз және татуласу келісімін бекіту туралы өтініш түсіп, өтінішке тіркелген 2020 жылғы 30 сәуірдегі татуласу келісімін бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сотпен талап қоюшы Г-ның жауапкер Е-мен араларындағы заңды некені бұзу туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған татуласу келісімі бекітілді. Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.