Медбике Маржанның мұңы

Алименттен қашқан әке.

Алименттен қашқан әке.

Өмірге сәби әкелгеннен кейін ата-ананың ең бірінші міндеті – оған бақытты балалық шақ сыйлау. Бірақ шынайы өмірде бәрі ойдағыдай бола бермейді. Тағдырлары шытынап, бір-бірін түсіне алмай екі жаққа кеткен жұбайлардың екеуі де баланың алдында жауапты. Заң бойынша бала кәмелетке толғанша әкесі немесе шешесі алимент төлеуге міндетті. Өкінішке орай, бүгінде туған балаларына алимент төлеуден қашып жүрген әкелердің мәселесі ушығып тұр. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Маржан Коптлеуова да – бұрынғы күйеуінен алимент өндірте алмай жүрген жалғызбасты аналардың бірі.

Бір үйдің еркелеп өскен жалғыз қызы Маржан, ешқашан «күндердің күнінде 5 баламен жалғызбасты ана атанып, үйсіз-күйсіз қаламын» деп ойламаған. Бірақ, тағдыры солай өрілген соң амал қанша?! Жаны нәзік болса, жүрегіндегі өмірге деген құштарлығының, болашаққа деген үмітінің, балаларына деген аналық махаббатының арқасында ағысқа қарсы жүзіп, қиындықпен күресіп,төрт ұлын жеткізу үшін тырысып келеді. Оқырманға түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайық.

Маржан Көптілеуова орта мектепті бітірген соң Атырау медициналық колледжіне оқуға түсіп, акушер-гинеколог мамандығын алып шығады. 1997 жылы Колдасинов Болатбек деген азаматқа тұрмысқа шығады. Бірнеше жыл бірге ғұмыр кешіп, өмірге бес бала әкеледі. Үлкені – қыз, қалған төртеуі – ұл бала.

-Басында өзімнің анамның атындағы үйде тұрдық. Кейін анам өмірден озған соң, нағашыларым үйді өздеріне алды. Содан соң өзімнің атыма үй алдым. Сол кезде алаяқтықпен айналысатын адамдар көптеп шыға бастаған еді. Маңдайымның соры бес елі мен байғұс жастықпен сол алаяқтарға алданып, 2014 жылы тамыз айында баспанамнан айрылып қалдым. Кейін соттастық. Алаяқ 5 жыл жазасын өтеп шықты. Бірақ өндіріп алатындай атағында ешқандай мүлкі де, табысы да жоқ. Сонымен жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Өзім 2000-2015 жылдар аралығында облыстық туберкулезге қарсы диспансерде жұмыс жасадым. Күйеуім де жақсы жерде еңбек етті. Бірақ ішімдікке салынуын қоймады. Ақыры 2015 жылы ақпанда ажырасып тындық. Сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған төрт ұлыма 50 пайыз алимент алуым керек болатын. Бірақ ажырасқаннан кейін балаларымның әкесі алимент төлемеу үшін жұмысынан шығып кетіпті. Содан бері уақытымен алимент алып көрмедім. Жұмыста жоқтығын алға тартып, анда-санда мардымсыз қаржы аударып отырған жайы бар. Бүгінде алимент үшін бережағы 4 миллионға ж е т і п о т ы р . « Ұ з ы н қ ұ л а қ т а н » дәнекерлеуші болып жұмыс жасайтынын естіп отырмын. Бірақ онысы ресми жұмыс болмағандықтан сот орындаушылар өндірте алмай отыр. Оның үстіне сот орындаушылардың барлығы қалада отырады. Қызылқоға алыс аудан болғандықтан сот орындаушылар да ол жаққа баруға құлықсыз,– дейді кейіпкеріміз.

Ажырасқаннан кейін Маржан үш жылдай түрмеде фельдшер болып еңбек етеді де, 2019 жылы Жалғансай ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт бөліміне фельдшердің орнына орналасады.

- Мен алғаш келген кезде аудандық аурухананың басшысы Марат Шуақбаев болды. Ол кісі маман ретінде қызметтік үй алып беруге жұмыстанатынын айтқан еді. Қызметтік үй берілгенше үй жалдай тұратын болдым. Бірақ ол қызметтік үй маған бұйырмады.Ауылдық жерге жұмыс істеуге келген маман ретінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит сұрап өтініш жазғанымда, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е. Құлмағамбетовтен «Сіздің мамандығыңызға аса қажеттіліктің болмауына байланысты бюджеттік кредит беруден бас тарту жөнінде шешім қабылданғанын қаперіңізге б е р е м і н » д е г е н ж а у а п к е л д і. Жалғансайдағы фельдшер өз орнына жұмысқа шыққан соң мені орталық ауруханаға жасқа дейінгі балаларды қарайтын бөлімге ауыстырды. Биыл тамыз айында үй мәселесі бойынша тағы арыз жазғанымда аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиевтен «Сіздің өтінішіңіз аудандық орталық аурухана басшылығымен бірлесе зерделеніп, сізге Жалғансай ауылындағы бұрыңғы медициналық пункт ғимаратын бейімдеп беру мүмкіндігі ұсынылды. Ол үшін аталған елді мекенге жұмысқа ауысу керектігі туралы аурухана басшылығына ескертілген болатын. Осыған оорай өзіңіздің жеке келісіміңіз бойынша тиісті шешім қабылданатынын қаперлейміз» деген жауап алдым. Онымен ол ғимарат сол ауылдың фельдшеріне беріліп кетті. Әлі күнге үй жалдап келемін. Жалдап тұрып жатқа  үйімді қожайыны саттыққа шығарып отыр.

Осыған дейін Атырау қаласында үй кезегінде тұрған едім. Биылдан бастап кезегімді Махамбетке ауыстырдым. Бір уақыттары атаулы әлеуметтік көмек алдым. Кейін табыстың асып кетуінен ол да тимей қалды. Биылғы жылдың тамыз айынан бастап біліктілігімді арттыру үшін Атырау жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандығы бойынша оқып жатырмын. Оқу мерзімі – 1 жыл 6 ай. Оқуда болған кезімде жалақым жүрмейді. Ақысыз күн алып отырмын. Үлкен қызым тұрмыста. Одан кейінгі ұлым, колледждің 3-ші курсында оқиды. Қалған үш ұлым мектеп жасында. Дәл қазіргі уақытта тек бала ақшасына ғана күн көріп отырмыз. Медицина саласының қызметкері ретінде кезегім кел генше тұратын қызметтік үй берілсе екен деймін. Қазіргі сот орындаушым Нариман Серікұлы қызметін өз деңгейінде атқарып, бұрынғы күйеуімнен тұрақты алимент өндіріп берсе, қазіргі табысымның аздығы ескеріліп, атаулы әлеуметтік көмекберілсе деген тілегім бар, – дейді 42 жастағы жалғызбасты ана Маржан Нысанбайқызы.

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Болат ЕСКУЛОВ, сот орындаушы:

-Мен Маржан Коптлеуованың арызы бойынша Колдасинов Болатбектен алимент өндіру ісімен бірнеше жыл айналыстым. Ол кісінің тұрақты жұмысы жоқ. Тіпті бір жерге жұмысқа да орналастырып едік, өкінішке орай ол жұмыстан да шығып кетті. Алимент мәселесі тек Атырау облысы емес, республика бойынша күрделі болып тұрғаны жасырын емес. Тұрақты жұмысы болмағандықтан, қандай жұмыс жасап жүргенін, қанша табыс табатынын анықтау қиынға түседі. Оны нақты дәлелмен дәлелдеу керек. Дәлелдеу сот орындаушының құзырына жатады. Алайда мен қаладамын,борышкер Қызылқоғада тұрады. Сондықтан бақылауға алу қиынға соққаны рас. Бірақ мен қолымнан келгенше туыстары арқылы алимент өндіріп отырдым. Қызы тұрмысқа шығарда мал өндіріп те бердім. Бір сөзбен айтқанда, қолымнан келгенін жасадым. Маржанның өзі «басқа сот орындаушыға тапсырамын» деп менен құжаттарын алып кетті.

Ажар ҚАБДОЛОВА, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы:

-Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін шілде, тамыз, қыркүйек айларындағы табысы есептеледі. Осы есептеу кезінде жан басына шаққанда 24300 теңгеге жетпесе әлеуметтік көмек тиеді. Жалғансай ауылдық округінің мамандарына хабарласып,құжатын тапсырып көруге кеңес беремін.

ТҮЙІН

Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде алимент төлеуден жалтарғандардың қарызы жыл өткен сайын артып келеді. Алиментке берешек мыңдаған адам қашып жүр. Жаңадан құрылған әлеуметтік қор алимент төлеуге несие беруге жұмыстануда. Бірақ механизмдері әлі пісіп-жетілген жоқ. Сот орындаушыларының облыс орталығында отырып алып, аудандардағы құжатты қарайтыны,яғни екі ортаның алшақтығы да борышкердің алименттен қасақана жалтарып жүргенін дәлелдеуге кедергісін келтіріп отырған сияқты.

Қалай десек те өз баласын өзекке тепкен әкелер мәселесі қоғамда өткір тұр. Оқу оқып жатқанына байланысты жалақысы жүрмейтін,4 балаға берілетін 44 500 теңгеге қарап қалған жалғызбасты ана дәл қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекке зәру болып отыр.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT