84 жастағы қарт әже жарқын болашақ үшін дауыс берді

Сарайшық ауылдық мәдениет үйіндегі №223 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаушылар қатары артып келеді.

Солардың бірі - 1938 жылы туған Бағдагүл Қайыржанова. Жасы сексеннен асса да өзін сергек ұстайтын әже ешбір сайлаудан тыс қалмаған.

- Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Сондықтан сайлау учаскесіне аяқтай келіп, даусымды бердім. Ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн, оған бейжай қарамаған жөн. Еліміз аман,  жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін,- дейді Бағдагүл әже.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT