«Ауыл» - еңбеккерлердің мүддесін қорғайды

Қазіргі заманғы жылдам өзгеретін әлемде Қазақстан алдында барлық тыныс-тіршілік салаларын жеделдетілген жаңғыртуды жүргізуге, халықтың әл-аухатын одан әрі арттыруға байланысты бірқатар маңызды міндеттер тұр.

«Ауыл» халықтық –демократиялық патриоттық партиясы осы міндеттерді шешу үшін барлық күш-жігерін салуға әзір. Біздің іргелі құндылықтарымыз - бұл тәуелсіздік, патриоттық, әділдік, тең құқықтық және ынтымақтастық.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2015 жылдың 5 қыркүйегінде «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясымен Қазақстан патриоттар партиясының бірігуі нәтижесінде құрылды. «Ауыл» партиясы ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласындағы кең ғылыми әлеуетті біріктіреді.

Ауыл тұрмыс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы, ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты мәселелерін шешу Партия қызметінің негізгі бағыты болды және болып қала бермек. Бүгінгі күні шамамен 8 млн адам немесе халықтың 45% ауылдық жерлерде өмір сүруде. Сондықтан ауыл және Агроөнеркәсіптік кешен, елдің толық ауқымды жаңғыртуын жүзеге асыруда ерекше орын алады.

Партия азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуды, қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды және экономиканың барлық секторларында ақылға қонымды іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыруға қолдау көрсетуді, ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауды, мемлекеттік реттеу және ауыл шаруашылығы секторын қолдауды, сондай-ақ халықтың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруды өз жұмысының басты бағыттары ретінде қарастырады.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясын бүгінгі таңда алаңдатып отырған мәселелер:

жерді тиімді пайдалану мәселесі;

қазіргі заманғы инновациялық технологияларды аз қолдану;

мал шаруашылығындағы жаңа тұқымды ойлап тауып, дамыту;

аграрлық секторды дамытуға ғылыми ақпарат және ғылыми жетістіктерді толық деңгейде пайдалану мәселелері.

Сөзбен емес, іспен өз Отанының азаматы болу – біздің патриоттығымыздың көрінісі. «Ауыл» ХДПП – Қазақстан Республикасында әлеуметтік бағдарланған әділ мемлекет құруды өзінің мақсаты етіп қойған заманауи партия.

Біз Қазақстан Ресмпубликасының болашағы қымбат деп санайтын барлық адамды бізбен бірге болуға шақырамыз!

Сейілбек Зұлқашев,

«Ауыл » Халықтық-демократиялық патриоттық

партиясының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT