Махамбет аудандық сотында судья С.Амантаевпен қаралған азаматтық іс бойынша тараптар татуласып тынды.
Махамбет аудандық сотына талап қоюшы Т. сотқа берген талап арызында жауапкер А-дан жол-көлік оқиғасынан болған материалдық шығынды өндіруді сұраған. Сот отырысында тараптар татуласу келісіміне келгендерін, ол бойынша жауапкер А. 2019 жылдың 30 қыркүйегінен бастап ай сайын, әр айдың 30 жұлдызына дейін талап қоюшы Т-ға 100 000 теңгеден 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін келісілген қарызы 500 000 теңге толық өтелгенше төлеп беретін болды. Ал талап қоюшы Т. жауапкер А-дан 2019 жылдың 30 қыркүйегінен бастап ай сайын, әр айдың 30 жұлдызына дейін 100 000 теңгеден 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін келісілген қарызы 500000 теңге толық өтелгенше алып тұрады және өз талабынан, соның ішінде жауапкерден қалған 168 328 теңге өндіру жайлы бөлігінен бас тартатынын баяндап, сотқа аталған келісімді ұсынып, оны бекітіп беру жайлы өтінішхат келтірген.
Сотпен талап қоюшы Т-ның жауапкер А-дан жол-көлік оқиғасынан болған материалдық шығынды өндіру туралы талап қою арызы негізінде қозғалған азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған татуласу келісімі бекітілді. Аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Өз тілшіміз