7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Ортақшыл ауылының көшесінде ресейлік азамат көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарған.Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-патрульдік полиция инспекторы Д.Ресей Федерациясының азаматы А. полиция қызметкерлерімен тоқтатылып,тексеру барысында азамат А есірткіден мас болғаны анықталған.

Осыған байланысты аудандық сотта Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталды.

Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT