Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды ATPress.kz

Құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдаған Агенттік төрағасы кешенді алдын алу жұмыстары, оның ішінде аяқталған істер бойынша енгізілген барлық 86 ұсынымдардың орындалуы, жазадан бұлтартпау қағидатын тиімді іске асыру өңірдегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 8%-ға төмендеуіне алып келгенін атап өтті.

-Биыл Атырау облысында департамент күшімен бюджетке 1,2 млрд теңге өтелді, ол өткен жылғы көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Бұл біздің негізгі басымдығымыз, сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келген залалды барынша өтеуге қолжеткізуіміз керек, - деді Алик Шпекбаев.

Антикор басшысы қылмыстық процестің үш буынды модельге көшуіне жеке тоқталып, оның тергеудің сапасын едәуір арттырып, азаматтардың конституциялық құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз ететінін айтты. Осы тұрғыда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қызметкерлердің назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне тікелей қатысты соңғы өзгерістеріне аударды.

-Өз міндеттеріңізді орындай отырып, әрқайсыңыз заңдылық пен әділеттілік қағидаттарын басшылыққа алуларыңыз қажет. Процессуалдық шешімдер мінсіз болуы керек.Естеріңізге сала кетейін, араңдату үшін жауапкершілік едәуір күшейтілді. Арандатушы енді 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Біздің бастамамыз бойынша пара алғаны үшін құқыққорғау органдары қызметкерлеріне – 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілді. Оның үстіне, олар ауыр құқық бұзушылықтар санатына өтіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және қоныс-колониясында жазасын өтеу мүмкіндігін шектейді. Бұл мысалдарды осындай әрекеттердің салдарын көрсету үшін айттым, - деп қорытындылады.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT