Бетперде тақпай, шу шығарды

Қоғамдық орында бетперде тақпай шу шығарып, айыпталды

Қоғамдық орында бетперде тақпай шу шығарып, айыпталды.

Жұқпалы індет ауа арқылы таралатындықтан кез келген уақытта, кез келген жерде жұғуы мүмкін. Адамдарды халық көп жиналатын орындарда – дүкен, дәріхана, қоғамдық көліктерде үнемі бетперде киіп жүру міндеттелген.

Жақында Махамбет аудандық Қазпошта бөлімшесінде азамат Б. маска режимін сақтау талабына келіспей, шу шығарған. Яғни ол қоғамдық орында қызметкерлердің атына балағат сөздер айтқан.

Аудандық сотта ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қаралды.

Сот отырысына бейнеконференц байланыс арқылы қатысқан Б. өзінің кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жазылған мән-жайларды растап, өз әрекеті үшін өкінді.

Сот қаулысымен құқық бұзушыны кінәлі деп танып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін 9723 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT