Ауданымызда қыркүйек-қазан айларында «Бекіре-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен болатын.
Бұл іс-шара республика аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, браконьерлікті, өнімдердің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесуге бағытталды. Сонымен қатар аң аулау, аңшылық шаруашылық пен жайылым аумақтарында аңшылық қаруды енгізу, көші-қон заңнамасы талаптарын сақтау, ҚР-на аң аулау мақсатында келген шетел азаматтарына тексеру жүргізу кірді. Оның ішінде табиғатты заңсыз пайдалану фактілері, биологиялық ресурс объектілерін, өнімдерін заңсыз тасымалдауға рұқсатының бар-жоғын анықтау да бар.
Заңсыз өнімдерді тасымалдаудың алдын алу бағытында автожолдарда, республикалық автожолдарда көлік құралдарын тексеру рейдтік шаралары жүргізілді. Атап айтқанда «Бекіре-2019», «Браконьер-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 26 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, ҚР ӘҚБкК-ның 383 бабы, 1 бөлімімен 22 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, әр тұлғаға 12625 теңгеден барлығы 277750 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Үкімет пайдасына 12 тұлғаның барлығы 151500 теңге айыппұл өндірілді. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы, 1 бөлімімен 5 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді. ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы 1 бөлімімен 1 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 12625 теңге көлемінде айыппұл салынып, уақтылы өндірілді.
Жеке тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 811 бабында көзделген тәртіп бойынша салынған айыппұл сомасының 50 пайыз мөлшерінде 7 тәулік ішінде төлеу құқығы түсіндірілді. Ал 7 тәулік ішінде салынған айыппұлды төлемеген жағдайда тұлғалардан айыппұлды 100 пайыз көлемінде толық өндіріледі.
А.Закариев, аудандық
полиция бөлімінің бастығы,
полиция полковнигі
Сурет:дереккөз