Электронды үкімет елге пайдалы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап тоқтатылды.
Енді мектептерде, ауруханаларда, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы органдарында, банктерде және тағы басқа қызмет көрсетуші органдарда мекен-жай анықтамасы сұратылмауы тиіс.
Тұрғын үйдің меншік иелеріне өзінің мекен-жайы бойынша тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді портал немесе ұялы телефондағы «электронды үкімет» мобильдік қосымшасы арқылы алуына болады. Егер тіркелу мекенжайын нақтылау үшінші тұлғаларға қажет болған жағдайда, азамат оны үшінші тұлғаның қызметі арқылы ұсынуына болады.
Е.ДЮСЕНБАЕВ, Махамбет аудандық
полиция бөлімінің көші-қон
тобының аға инспекторы,
полиция аға лейтенанты