23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күні

Құрметті мемлекеттік қызметкерлер, қадірменді әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметті атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан сіздерге көрсетілген ерекше сенімнің белгісі. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - абыройлы, әрі жүгі ауыр жауапкершілігі мол жұмыс.

Өйткені, мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Өңіріміздің нәтижелі дамуы, халқымыздың әл-аухатының жақсаруы - сіздердің жоғары адамгершілік деңгейіңізге, тәжірибелеріңізге, адалдығыңызға, жiгеріңізге тікелей байланысты. Бұл қасиеттерді бойына толық сіңіру ел игілігі үшін еңбек етіп жатырған әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.

Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да елімізді, оның экономикасын дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз.

Айтулы мерекеге байланысты Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілеймін!

С. Мүксімов,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша Департаменті басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT